Ү.ж. мамыр айының 15-інде Алматы қаласы, Исаев көшесі 111 мекенжайында Қазақ зағиптар қоғамының (ҚЗҚ) жаңа бизнес-орталығының құрылысы аяқталуына орай таныстырылым өтті.
Қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы бастаған ҚЗҚ кәсіпорындары мен филиалдары басшылары, қоғам мүшелері бизнес-орталықты аралап, оған қатысты жоспарларды тыңдап, талқылады.
Қала орталығында орналасқан бұл ғимарат үш қабатты, 45 кеңсеге бөлінген. Қолайлы әрі қажетті құралдармен жабдықталған заманауи ғимарат.
Әрине, қалыптасқан дәстүр бойынша қызыл бау да кесілді. ҚЗҚ-ның Құрметті мүшесі Жекеев Шаншар-ағаның ашу тілегі және батасымен жаңа ғимараттың да қоғамның игілігі үшін қолданыста болатындығы сөзсіз.
ВЕРСИЯ ДЛЯ НЕЗРЯЧИХ



