24 апреля 2018 года в г. Астане состоится Очередной IV-й Пленум Центрального Правления ОО «КОС» ХХ-го созыва с участием членов Центрального Правления
24 апреля 2018 года в г. Астане состоится Очередной IV-й Пленум Центрального Правления ОО «КОС» ХХ-го созыва с участием членов Центрального Правления

Общественное объединение
"Казахское общество слепых"

Қазақ зағиптар қоғамының «Тамаша-жай» демалыс үйінде ү.ж. мамыр айының 16-ында республикамыздың түрлі қалаларындағы Қазақ зағиптар қоғамы филиалдарынан келген өнерпаздардың қатысуымен жыл сайынғы дәстүрлі шара – Наурыз мейрамы өтті.

Наурыз мейрамын жоғары республикалық деңгейде өткізу қоғам басшылығы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлының бастамасымен үзілмей жыл сайын өткізіліп келеді. Осыған орай шараны өткізуге қатысты барлық қаржылай шығындар толығымен Қазақ зағиптар қоғамы тарапынан жүзеге асырылады.

Биылғы жылғы Наурызды мерекелеуге ерекше көңіл бөлінді десек артық болмайды, себебі демалыс үй аймағы, шара өтетін алаң күрделі жөндеуден өтті, асфальт төселді. Қонақтар мен демалушылар үшін фото алаңша жасалды.

Он екі қанатты ақ киіз үйге Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қонақтар, Қазақ зағиптар қоғамының құрметті мүшелері және таза ауада 400-ден астам қоғам мүшелері үшін дастархан жайылды.

Биылғы Наурыз мейрамының негізгі тақырыбы көркем Алматы қаласына арналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеуге бағытталды.

Шараны құттықтау сөздерімен қоғамның төрағасы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы ашты. Осы шарада Қазақ зағиптар қоғамының гимні жұртшылыққа кеңінен паш етілді.

Құрметті қонақтар – Өзбекстан Навои зағиптар қоғамының төрағасы Шарипов Т.С., Қырғызстан зағип және есту қабілеттері бұзылған азаматтар қоғамы Орталық Басқармасының мүшелері Ташбаев М.А., Турбатов С.А. Қазақ зағиптар қоғамына деген игі тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті.

Таңертең сағат 10-да басталған бұл мейрам түстен кейінгі сағат төрт жарымға дейін 19 филиал мен Өзбекстан өнерпаздарының өнер көрсетулерімен кезек-кезек жалғасып отырды. Тау баурайы «Наурыз думан», «Алматы жүрегімде», «Алматының кешінде», «Бақыт деген», «Алматы түні», «Мен деп ойла», «Алматының түндері-ай», «Алматы ең алғашқы махаббатым» және басқа да көптеген әсем әндерге бөленді.

Осы тамаша отырыс өз мәресіне жеткенімен, әсем әндер мен ұлттық ойындарға берілген көпшіліктің сылдыр күлкілері тау жаңғырымен әлі де естіліп тұрғандай...

Журнал редакторы

FaLang translation system by Faboba