Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілермен кездесуі өтті. Бұл іс-шара 2024 жылдың басынан бері жүргізілмеген тұрақты тікелей диалогтың қайта жанданғанын көрсетті.
Кездесу ашық талқылау форматында өтіп, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіруге, сондай-ақ өңірлердегі ахуал бойынша объективті ақпарат алуға бағытталды. Бүгінде орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы кеңесшілер желісі 220-дан астам сарапшыны біріктіріп, 752 мыңнан астам қазақстандықтың мүддесін білдіреді.
Кездесу барысында басты назар оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделіне көшу мәселесіне аударылды. Министр енгізіліп жатқан үздіксіз оңалту моделі қолданыстағы жеңілдіктерді жоймайтынын, керісінше толықтыратынын атап өтті. Негізгі басымдық – жабдықты жоспарлы ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін азаматтардың жаңа құрал алуға құқығын сақтау.
Жаңа тәсілдің ерекшелігі – мемлекет бұйымдардың бүкіл пайдалану мерзімі кезінде толық техникалық сүйемелдеуді өз мойнына алады. Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында Ұлттық ғылыми орталық филиалдары базасында техникалық сараптама қызметтері мен жөндеу орталықтарын құруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылуда.
Маңызды артықшылықтардың бірі – алмасу қорының құрылуы. Оңалту құралы істен шыққан жағдайда, жөндеу кезеңінде азаматқа жұмыс істейтін құрылғы уақытша дереу беріледі. Бұл тәсіл, әсіресе, балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін маңызды, себебі олардың өсуіне қарай жабдықты уақтылы ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кедергісіз орта құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аскарбек Ертаев «Қолжетімділік картасы» жобасының маңызын атап өтіп, ол арқылы мүгедектігі бар азаматтарға арналған объектілердің бейімделу деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға болатынын айтты.
Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және әкімшілік шаралар қолдану функциялары Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне бекітілгені жеткізілді. Кеңесте инватакси қызметінің жұмысы да, оның ішінде жүргізушілердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылды.
Ведомство басшысы кеңесшілерді қызмет жеткізуші ұйымдардың тұрақтылығын сақтай отырып, әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормативтік актілерді талқылауға қатысуға шақырды. Цифрлық сервистерді жетілдіру аясында Бірыңғай цифрлық платформа арқылы төлемдерді оңтайландыру әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Министр алдағы Координациялық кеңес отырысында бірқатар ОТҚ бойынша кепілдендірілген бағаларды өзектендіру ұсыныстары қаралатынын хабарлады. Жаңа баға маркетплейстер мен электрондық дүкендердегі ұсыныстарға жан-жақты талдау жүргізу арқылы қалыптастырылған. Бұл әлеуметтік қызметтер порталындағы тауар құнын нарыққа барынша жақын әрі әділ етуге мүмкіндік береді.
Кездесуді қорытындылай келе, министр кеңесшілерді жергілікті жерлердегі жағдайды белсенді мониторингтеуге шақырды. Талқылау нәтижесінде мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданды.
В Астане состоялась встреча Министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева с внештатными советниками по вопросам лиц с инвалидностью (ЛСИ). Данная встреча ознаменовала возобновление регулярного прямого диалога, который не проводился с начала 2024 года.
Мероприятие прошло в формате открытого обсуждения, направленного на то, чтобы донести до граждан реальный смысл проводимых реформ и получить объективную информацию о ситуации в регионах. Сегодня сеть советников при центральных и местных исполнительных органах насчитывает более 220 экспертов, представляющих интересы более 752 тысяч казахстанцев с инвалидностью.
Основное внимание в ходе встречи было уделено переходу на качественно новую сервисную модель обеспечения техническими средствами реабилитации (ТСР). Министр подчеркнул, что внедряемая модель непрерывной реабилитации не отменяет действующие льготы, а дополняет их. Ключевым приоритетом остается сохранение права граждан на получение абсолютно нового оборудования при наступлении срока плановой замены.
Нововведение заключается в том, что теперь государство берет на себя полное техническое сопровождение изделия в течение всего периода его эксплуатации. На базе филиалов Национального научного центра в Актюбинской, Карагандинской и Павлодарской областях запускается пилотный проект, предусматривающий создание специальных служб технической экспертизы и ремонтных центров.
Важным преимуществом станет наличие обменного фонда: если средство реабилитации выйдет из строя, человеку на время ремонта будет незамедлительно предоставлено исправное устройство из резерва. Такой подход особенно важен для семей, воспитывающих детей, поскольку позволяет заменять технику по мере роста ребенка.
Особый акцент участники встречи сделали на создании безбарьерной среды. Аскарбек Ертаев подчеркнул значимость проекта «Карта доступности», который позволяет в режиме реального времени проводить мониторинг объектов на предмет их адаптации для маломобильных групп населения.
Министр отметил, что вопросы обеспечения физического доступа остаются на постоянном контроле: на сегодняшний день функции государственного надзора и принятия мер административного воздействия к нарушителям законодательно закреплены за Комитетом регулирования и контроля в сфере социальной защиты и его территориальными департаментами.
Также на совещании затронули вопросы работы служб инватакси, в частности, правовое регулирование труда водителей. Глава ведомства предложил советникам подключиться к обсуждению подзаконных актов, которые позволят защитить социальные и трудовые права таких работников, сохранив при этом устойчивость организаций-поставщиков услуг.
В рамках совершенствования цифровых сервисов было отмечено, что проводимая оптимизация выплат через Единую цифровую платформу направлена на исключение лишних административных барьеров.
Министр проинформировал, что уже на ближайшем заседании Координационного совета будут рассмотрены предложения по актуализации гарантированных цен на ряд ТСР. Новые цены сформированы на основе глубокого анализа предложений в популярных маркетплейсах и электронных магазинах, что позволит сделать стоимость товаров на Портале социальных услуг более справедливой и рыночной.
Завершая встречу, Министр призвал советников стать активными участниками мониторинга ситуации на местах, чтобы помощь всегда соответствовала реальным потребностям человека. По итогам обсуждения принято решение проводить такие встречи на ежеквартальной основе.
Источник: Министерство труда и социальной защиты населения РК
ВЕРСИЯ ДЛЯ НЕЗРЯЧИХ



