ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ ОРТАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ
Арнайы шығарылым (қазан), 2017
ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫНА 80 жыл
"1920-1930 жылдары бастапқы кезде республикадағы Әлеуметтік қамту Халық комиссариаты қарауында болған, соқырларға арналған кіші шеберханалар, артелдер, еңбек бірлестіктері, мектептер, училищелер жаппай ашыла бастайды, соқырлардың білім алулары, оларды түрлі мамандықтарға үйрету мәселелері де қолға алына бастайды, алайда өмір соқырларға қатысты жаңаша көзқарастарды талап етеді, осыған орай 1937 жылы Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуына байланысты, бөлек-бөлек ұйымдар бір қоғамға біріктіріліп - Қазақ соқырлар қоғамы құрылады (ҚСҚ)". ҚСҚ-ның 80 жылдық тарихы осылайша басталады.
***
Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы, Қазақ соқырлар қоғамының Орталық Басқармасының төрағасы:
Құрметті, достар! Әріптестер!
Қазақ соқырлар қоғамының 80 жылдығымен сіздерді құттықтай отырып зор денсаулық, өркендеу тілеймін! Жеке өмірлеріңізге бақыт, табыстар тілеймін!
Осы жылдар барысында біздер бірге көптеген жағдайларды басымыздан өткердік. Есімізде, қалай Қазақ соқырлар қоғамының мемлекеттік қаржылай қолдаудан бас тартып, толықтай өзін-өзі қаржылауға көшкені. ҚСҚ кәсіпорындары 152-ден астам түрлі өнімдер шығарған, және ҚСҚ жүйесінде 10 мыңнан астам адамдардың жұмыс істеген жылдары да есімізде. Қайта құрылу жылдарында да халықпен бірге көтердік. Біздің қоғамымыз өз мәртебесін жоғалтқан жоқ! Осы жылдар барысында Қазақ соқырлар қоғамы мүшелері түрлі жақсы істерді жүзеге асырды, түрлі бастамалардың басында болды. Біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы БҰҰ Мүгедектер құқығы туралы конвенциясын ратификациялады. Бүгінгі күнде Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың білім алу, еңбек ету және т.б. құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктері аясы кеңейді.
Достар, Қазақ соқырлар қоғамының іс жүзіндегі төрағасы ретінде, Қазақ соқырлар қоғамының қызметін одан әрі жалғастырамыз, және қоғамымыздың белсенді азаматтарының, оның ішінде жастардың, бастамаларын қолдап, зағиптар мүддесі үшін қызмет атқарымыз деп сенемін. Біздер осы қоғамымыздың құрылу мен қалыптасуының басында болған алғашқы басшыларымыздың істерін жалғастыруларымыз, қажет болса, кейбір игі істерді қайта жаңғыртуға тиістіміз.
**** **** ****
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚСҚ 80 жылдығына орай ҚСҚ ОБ-сы Сакен Хайдарұлы Өтегенов атындағы Республикалық премия тағайындады. (толығырақ 1-ші нөмірде)
Бюллетень редакциясы, Алматы